Ықылас Ожайұлы: "Анау Аида Балаеваның "Добрый утрасына" мың лайк..."

/image/2020/01/22/crop-1_0_255x453_085051163600.jpg

Бұл туралы ақын Ықылас Ожайұлы "Фейсбук" желісіндегі өз парақшасында жазды.

"Елге ақыл-ойдың аса бір қажеті жоқ-ау деймін. Кімнің жүгі биік болса, соның қарғып шығар "мысығы" ғана. Әйтпесе анау Аида Балаеваның "Добрый утрасына" мың лайк, ал, Қанағат Жүкешев пен Зәуре Батаева сынды интеллектуалдардың дүниесіне екі лайк басылар ма еді. Әй, жігіттер, XXI- ғасыр үшін ұят қой мынау тірлігіміз..." ,  – дейді ақын.

Сонымен бірге, автор өз пікірінің түйінін Һакім Абайдың бір шумақ өлеңімен түйіндеген: 

"Базарға қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар...
..."Ит маржанды не қылсын" деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар"
(Абай)

Ескертпе: Аида Балаева –  Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар