Айсұлтан Назарбаев: ... Бірақ маған бәрібір, мен нашақормын ғой

/image/2020/01/22/crop-4_6_441x785_a177c49c13b8f841da7b2235a9bf6a96.jpg

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі, Қазақстан парламенті сенатының қазіргі спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев әлемнің кез келген телеарнасына шындық айтып беруге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазыды.

Оның сөзінше, әлемдегі барлық телеарналардың көресетіп жатқаны - құр иллюзия. 

"Адамдар, мен өзіме қандай қауіп-қатер төнсе де, әрқашан шындықты айттым! Мен әлемнің кез келген телеарнасына әлемде не болып жатқанын айтып беруге және көрсетуге дайынмын, бірақ ол әлемдегі барлық мемлекеттік телеарналар көрсетіп жатқан иллюзия емес. Мен біздің отбасылық өмірде не болып жатқанын айтып жатқан жоқпын. Сиқыр немесе магия бұл әлемді жаулап алды! Сіз осы тақырыпта әңгіме айта бастағанда, сізді ақымақ сияқты көреді, бірақ маған бәрібір. Мен нашақормын ғой)


Маған бұрын  барлық  сиқыршыларды өртегені олар үшін жаза болып саналғаны түсініксіз. Бірақ қазір біз бұл туралы айтуға қорқамыз, өйткені бізді психикалық ауруханада жабады. Құдай маған адамзат бұдан бас тартпса, бұл әлемнің жойылатынын айтуды тапсырды" деп жазды Айсұлтан Рахат. 

Айсұлтан Рахат - Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, қазір Қазақстан парламенті сенатының төрайымы болып отырған Дариға Назарбаева мен 2015 жылы Австрия түрмесінде жұмбақ жағдайда (абақтының бір кісілік камерасында асылған күйі табылған) өлген Рахат Әлиевтің екінші ұлы.

2019 жылы қазанның 18-і күні Лондон соты Айсұлтан Рахатқа бір жыл шартты жаза кесті. Ұлыбринтаниядағы БАҚ-тардың хабарлауынша, Айсұлтан Назарбаев биылғы маусым айында британ полициясына қарсылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған. Назарбаевтар отбасы Айсұлтанның Ұлыбританияда ұсталғаны және сотталғаны жайлы ешқандай комментарий берген жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар