Айсұлтан Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі емес, ұлы ма?

/image/2020/01/22/crop-1_6_285x507_crop-53_2_385x513_aysultan.png

Бүгін, 22 қаңтарда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі, Қазақстан парламенті сенатының қазіргі спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Рахат Facebook-тағы парақшасында бірнеше пост жазды. Назарбаевтың немере жиенінің жазғандары қазір желіде қызу талқыланып жатыр. 

Айсұлтан Рахат бүгінгі жазған постарының бірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы екенін жазды. 

"Менің анам атамды мен оның баласы болғандықтан, қармақта ұстады" деп жазды Айсұлтан Рахат. 

Бұл ақпараттың рас я жалған екенін білу мақсатында Айсұлтан Рахат фейсбук парақшасында көрсеткен телефон номерге хабарластық, бірақ байланыса алмадық. Дегенмен Holanews.kz сайтының журналистері Айсұлтан Рахатпен сөйлесіп, сұхбат алғандарын жазды. Сол сұхбатта Айсұлтан Рахат фейсбуктағы барлық жазбаны өзі жазғанын растаған. Және "Көп жылдан бері біздің отбасымызда көптеген жағдайлар болды және ол бүкіл мемлекетке әсерін тигізді" деп айтқан. 

Өткен жылы қазанның 18-і күні Лондон соты Айсұлтан Рахатқа бір жыл шартты жаза кесті. Бртаниялық БАҚ-тардың жазуынша, ол 2019 жылы маусым айында британ полициясына қарсылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған. Назарбаевтар отбасы Айсұлтан Рахаттың Ұлыбританияда ұсталғаны және сотталғаны жайлы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген Айсұлтан Назарбаев – Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеп, 2019 жылы наурызда өз еркімен президенттік қызметтен кеткен (бірақ елдегі биліктің бір тармағын ұстап отырған)  Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Австрия түрмелерінің бірінде көз жұмған қазақстандық шенеунік Рахат Әлиевтің ұлы.

Қазақстандық ақпарат құралдарының жазуынша, Айсұлтан Рахат бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан. "Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.

Ол Ұлыбритания королдігінің "Сандхерст" әскери академиясының тәмамдаған. Айсұлтан оқуын бітіріп, Қазақстанға оралған соң елдің қорғаныс министрлігінің барлау басқармасында қызмет етті. 2017 жылы 7 айдай Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарды. 

Айсұлтан Рахат 2013 жылы "ҚазРомГаз" АҚ басшысы, алматылық "Қайрат" футбол клубының қожайыны Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Боранбаевға үйленді. 2016 жылдың жазында олардың Амели есімді қыз дүниеге келді.

Айсұлтан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар