Қазақстан жастарының үштен бірі өз болашағына сенбейді. Бұл туралы "Болашақ" шәкіртақы иелері қауымдастығының директоры, ҚР АҚДМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова айтты.
"Іске асырылып жатқан барлық еңбекке тарту бағдарламасы негізінде 2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында 85 мың жастың жұмыссыз жүргені белгілі болды, ал жастар арасында жұмыссыздық деңгейі – 3,8 пайыз. Бұл тек тіркелген жұмыссыздар, яғни бұл мәліметтер толық картинаны көрсетпейді" , – деді Лаура Демесінова ақпарат және қоғамдық даму министрінің қатысуымен өткен алқа отырысында.
Пікір қалдыру