Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегін негіз ете отырып хабарлайды.
«Бұл менің Араб әлеміне Президент ретінде жасаған алғашқы сапарым. Яғни, бұл дегеніңіз Қазақстан сіздің мемлекетіңізбен ынтымақтастыққа баса маңыз беретінін айғақтайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықты арқасында үлкен нәтижеге қол жеткізгенін, қос тарап ара шынайы достық, сенім мен өзара түсіністік бар екенін деп атап өткен.
"Сол себепті, біздің қарым-қатынасымыздың келешегі зор деген ойдамын. Менің бұл сапарымның басты мақсаты – біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беру. Уақыт бір орында тұрған жоқ. Сол үшін қосымша жігер мен әрекет керек. Сол себепті, мен бұл сапар ерекше маңызға ие деп білемін», - деді Қазақстан Президенті.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды.
Пікір қалдыру