Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігі неге біздің отандастарымызды Уханнан шығарып алмайтынын түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Фейсбуктегі парақшасында Смадияров бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кеткен расталмаған ақпаратқа қатысты танымал қазақстандық басылымдардың бірінің бас директорымен сөйлескені туралы айтты. Бұған дейін БАҚ-та кейбір елдер өз азаматтарын эвакуациялай бастады деген ақпарат тараған болатын.
СІМ өкілінің айтуынша, Қытай Уханда карантин жариялаған. Бірде-бір елдің азаматтарын шығаруға рұқсат етпеген. Ол қазақстандық дипломаттар отандастарымызды сыртқа шығарудың мүмкін жолдарын ойластырғанын айтады. Олар Қытай тарапына тиісті сұраныстар жіберді. Басқа елдердің дипломатиялық миссиялары дәл осылай жасады. Дегенмен Қытай билігі ешбір мемлекетке өз азаматтарын алып кетуге мүмкіндік бермеді.
Пікір қалдыру