Үкімет 2020 жылы Дубайдағы Экспо көрмесіне қатысу шығындарын қайта қарауы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл мәселені арнайы комиссия зерделемек. Онда көрменің қажетігі мен елге инвестиция тартуға қаншалықты сеп болатыны талқыланады.
"Егер комиссия бұл шығындардың тиімді екенін дәлелдей алмаса, онда дұрыс шешім қабылданады. Жалпы, біз үшін маңыздысы инвестиция көзі», – деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Дубайда өтетін көрмеге қатысу үшін қаражатты қайта қарау туралы сұраққа жауап бере отырып.
Қазақстанның 2020 жылы ЭКСПО көрмесіне қатысатынын БАӘ-нің Сауда министрлігі мақұлдауы қажет.
Көрмеге Қазақстан 9 миллиард теңге жұмсайды.
Қазақстан павильоны көрмедегі ең үлкен учаскелердің бірі болмақ. Оның жалпы ауданы 3420 шаршы метр.
Expo 2020 – Дубай қаласында (БАӘ) өтетін бүкіләлемдік көрме. Көрмені өткізу орны 2013 жылғы 27 қарашада Париждегі Халықаралық көрме бюросының Бас ассамблеясында анықталды. Көрме 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өтеді.
Аяулым Шопан
Пікір қалдыру