Нұр-Сұлтанда жас қыздың ағзасынан Гонконг тұмауы табылды.

/image/2020/01/30/crop-0_0_365x648_dbaf2278_1388_4ece_b8b0_5e0e5bcb11e9_650x410.jpg

Осыған дейін қызуы көтеріліп күдік туғызған 17 жастағы қызда коронавирус белгілері жоқ  екені анықталды. Алайда   дәрігерлер  емделушіден вирустың басқа түрін байқаған, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзіне қарағанда, жас қыздың ағзасынан Гонконг тұмауы табылған. Науқас Қытайдың Пекин қаласынан келген.

Бұл туралы Жандарбек Бекшин журналистерге берген сұхбатында дәлме-дәл:

«Ол қызда H3N2 штамы бар тұмау анықтады. Бұл – нақты дерек», – деген болатын.

Нақты деректі айтпақшы, микробиологиялық классификация бойынша Гонконг тұмауы H3N2 түрінде белгіленген. Ол әлем бойынша қауіпті вирустар санатына жатады. Әуелде вирус құстар арасында тарағанымен, кейіннен адамдарға да жұға бастайды.

Айта кетейік, 28 қаңтарда Қазақстанға Қытайдан төрт адам ұшып келді. Барлығын бірден өткір респираторлық вирусты инфекция бар деген күдікпен ауруханаға жатқызды. Олардың ішінде жоғарыда аталған 17 жастағы қыз да болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар