Қытайда таралған коронавирус дерті күн сайын асқынып барады. Өткен тәулікте сырқаттан 43 адам қайтыс болған. 1982 адам вирусты жұқтырған, деп жазады rbc.ru.
Бұл – эпидемия таралғалы бергі рекордтық жағдай. Вирустан бүгінгі күнге дейін 213 адам көз жұмған. 9692 адам ағзасынан вирус табылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан жаңа вирусты халықаралық масштабтағы төтенше жағдай деп таныды.
Ұйым жедел респираторлық ауруға уақытша «2019-nCoV» атауын берді.
Пікір қалдыру