Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирус құрбандарының саны 414-ке артып, жұқтырғандар саны 13 522-ге жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz РИА новости-ге сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің мәліметінше, 3 ақпанда вирус жұқтырған 2345 адам тіркеліп, 64 адам қайтыс болған. Хабарламада айтылғандай, аурудың эпицентрі Ухань қаласында инфекция жұқтырған 1222 адам тіркелген.
4 ақпан 00:00-де (Нұр- Сұлтан уақытымен 3 ақпан 22:00) Хубейдің 396 тұрғыны емханадан коронавирустан емделіп шыққан.
Пікір қалдыру