Бұрынғы вице-министрлер ісі: негізгі куәгерлердің бірінен жауап алынды

/image/2020/02/05/crop-289_18_532x709_whatsapp-image-2020-02-05-at-10.47.27.jpeg

Елордада бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған бұрынғы Энергетика вице-министрлеріне қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін негізгі куәгерлердің бірінен жауап алынды. Сондай-ақ процесс барысында 2017 жылы бұрынғы вице-министрдің кабинетінде түсірілген видео көрсетілді

Энергетика министрлігінің бұрынғы сарапшысы Назгүл Алимсурина процеске қатысушылардың сұрақтарына екі күн бойы жауап берді. Ол аталған министрлікке 2015 жылы келіп, екі жылдан соң Щучинск-Бурабай демалыс аймағындағы Қарасу өзенін тазарту жөніндегі жобаға бекітіліпті. Оның айтуынша, 2017 жылдың наурыз айында техникалық бақылауға қатысты жарияланған конкурста министрлік басшылығынан «Стройинтеграция» компаниясы жеңіп шығуы керек» деген нұсқау берілген көрінеді. Сондай-ақ куәгер конкурстық комиссияның төрағасы Ғани Сәдібеков екенін атап өтті. Бұдан бөлек, мемлекеттік айыптаушылар 2017 жылдың шілдесінде бұрынғы вице-министрдің кабинетінде түсірілген видеоға назар аударды.

Бұрынғы вице-министр мен мердігер компания директорының әңгімесіне сот алдында жауап берген Назгүл Алимсурина себеп болды. Ол төлемді кешіктірген көрінеді. Сот отырысында мемлекеттік айыпталушылар осы мәселеге назар аударған соң бұрынғы вице-министр бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

Ғани Сәдібековке «вице-министр кезінде Қарасу өзеніндегі тазарту жұмсыстарының бағасын 5 миллиард теңгеден 7,5 миллиардқа дейін негізсіз көтерді» деген айып тағылып отыр. «Сондай-ақ ол конкурстық комиссияны басқарып тұрғанда «Стройинтеграция» компаниясына бүйрегі бұрған», – дейді айыптаушылар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар