Жаза: Түркістан облысында кабинетінде карта ойнаған әкім қызметінен кетуі мүмкін

/image/2020/02/05/crop-95_69_716x1273_2002050155466110f.jpg

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтының дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Анықталғандай, ауыл әкімнің жұрттың ашуын тудырған бұл қылығы әуелі WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы тараған. Желіге тараған көріністе Шардара ауданына қарасты Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Ә.Сейдалиевтің ауылдың бірнеше азаматымен бірге жұмыс орнында карта ойнап отырған әрекеті түсірілген.

Ең сорақысы – әкім аталған ойын түрін қызметтік бөлмесінде ұйымдастырған. Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, бұл кезде уақыттың кешкі сағат 21:00-дер шамасы екені, яғни, ойын ұйымдастырылған сәт жұмыстан тыс уақыт екені деректелген.

Алайда әкімнің ерсі қылығы Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте арнайы қаралып, мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін оған «қызметтіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданған.

Осылайша,  Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік жаза қолдану турасындағы шешім шығарған. Өз кезегінде ұсыныс Шардара ауданы әкіміне жолданған.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар