«Сен мәңгүртсің»: атыраулық белсендінің әкімге айтқан сөзі талқылануда (видео)

/image/2020/02/05/crop-9_0_669x1190_5e39504d49aef630655044.jpg
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Азаттық рухы" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
 
Белгілі болғандай  ауыл тұрғынының әкім есебінде сөйлеген сөзінің видеосын Беркін Садықов есімді Facebook қолданушысы жариялаған.
 
Атыраулық белсендінің аты – Сағатбай Қапенов. Ол аймақтың экология мәселесін көтере отырып, арасында әкімнің қазақша дұрыс түсінбейтінін сынаған.
 
«Біз қамысты өртеуіміз керек. Одан кейін көк құрақ шығады. Балапан, жан-жануар аман қалады. Мен саған айттым, бірақ түсінбедің. Сенің мәңгүрт екеніңді осыдан білдім... Себебі мынадай жерде жылқы ұстауға болмайды. Экология бүлініп жатыр. Маусымдық шөпті жеп қояды. Бір кемпір екі бұзаулы сиырын асырай алмай отыр. Каналға су айдағанның мәні жоқ. Жылқыны тау жаққа айдау керек. Экологияны «катастрофаға» ұшыратамыз. Ертең ауру осы қамыстан шығады. Осыны айтсам, түсінбейсіңдер. Ноғаев кетті, құлақтан теуіп. Сен келгенде айттым: Алаштың азаматының бөтендігі жоқ, қош келдің елге. Дұрыс жұмыс жаса. Бірақ сен қазақша білмейсің, мәңгүртсің», - деген ол.

Ал желі қолданушыларының бір тобы белсендінің экология турасындағы айтқан ойын қуаттап, пікір иесінің әкімнен жасы үлкен екенін алға тартса, келесі бір тобы "сен мәңгүртсің" деген сөздің сәл ауыр екенін, ауыл тұрғынының этикалық нормадан асып кеткендігін айтысқан.

Әзірге аудан әкімі мен ауыл тұрғыны арасындағы келеңсіз жайтқа байланысты қандай да бір ресми мәлімдеме жасалған жоқ.  

 

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар