"Қазақстандықтар Қытайда қалуға ниет білдірді"

/image/2020/02/05/foto4_700.jpg

Қазіргі таңда Қытайда 780-ге жуық қазақстандық тұрады, олардың ішінде елге қайтуға өтініш білдірген азаматтар саны өте көп. Бұл туралы Primeminster сайты хабарлайды. 

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев елде коронавирустың пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жалғасуда, 6 қаңтардан бастап 21,8 мың адам қаралды.Сонымен қатар, 5 ақпанда дене қызуы көтерілген 104 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 71-і босатылды, 33 адам ауруханаларда қалды, барлығы тексерістен өтті.

Уханнан 1 күн бұрын эвакуацияланған 83 қазақстандық карантинде. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша, келген адамдарда коронавирустық инфекцияның болмағаны анықталды. 

"Қазіргі уақытта Қытайда 780 Қазақстан азаматы бар, олардың 559-ы студенттер. 427 адам Қазақстанға жеткізуді сұрады, ал қалғандары Қытайда қалуға ниет білдірді", - деді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нурышев. 

Бердібек Сапарбаев коронавирустың пайда болуы мен таралуын болдырмауға арналған бірқатар нақты міндеттерге тоқталып, барлық қызметтердің жұмысын қарқынды режимде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар