Алматыда "Іскер ұстаз" атты жастар клубы құрылды

/image/2020/02/08/73b5c908-ad0c-4a8b-a3f9-6c47e97e463c.jpeg

Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастар кадрлық резервін қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру, жас ұстаздармен ой бөлісу, пікір алмасу, жас мамандардың үніне құлақ түру, қазіргі жас мұғалімнің болашақта білікті, іскер маман ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры «Тұлғамен кездесу» жобасы аясында Білім басқармасы басшысы Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызымен N168 мектеп-гимназиясында кездесу өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі хабарлайды! 

"Бүгінгі кездесудің басты себебі, Алматы қаласындағы алғашқы "Іскер ұстаз" атты жас ұстаздар клубының құрылуы. Клубты құрудағы негізгі мақсат - жас ұстаздардың әрі қарай сала бойынша толыққанды өзін-өзі дамыту. Қазіргі таңда Алматы қаласында 1277 ге жуық білім беру ұйымы бар, оның ұйымында 32 мыңнан аса ұстаз жұмыс жасайды. Оның 30%  жас мамандар. 2020 жылдың ең басты жаңалығы мұғалім мәртебесі туралы заңның қабылдануы екені баршамызға мәлім, сонымен қатар жас ұстаздарға арнайы іс-шаралардың атқарылуы. Мінекей, осындай іс шаралар Алматы қаласында да бастауын тапты. Соның алғашқысы - "Үздік ұстаз" байқауы", - деп айтты Ләззат Жылқыбаева.

Кездесу барысында жас мамандардың мәселелері, алдағы уақыттағы даму жоспары, сондай-ақ «Педагог статусы туралы» заң талқыланды. Кездесу еркін форматта Алматы қаласы жас ұстаздарынан құрылған «Іскер ұстаз» жас мұғалімдер клубы жастарымен өткізілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар