Талғар ауданының жігіттері үндеу жариялады (видео)

/image/2020/02/08/crop-166_7_743x991_snimok-ekrana-425.png

Олар қазақтың намысын қорғаған жігіттердің сотталмауын талап етті. 

"Жамбыл облысы Қордай ауданында өзге ұлт диаспорасының қазақтың намысын аяққа таптауы, қартымызды қорлап, баламызды жәбірлеуі біздің намысымызға тиіп отыр. Қазақ ешқашан өз баласын, қариясын, әйелін ешкімге жәбірлетпеген. Біз өзге ұлт өкілдеріне ескертеміз. Қазақтың суын ішіп, қазанына түкіргенін біз кешірмейміз! Ертең бүгін қазақтың намысын қорғаған жігіттердің сотталмауын талап етеміз! Біз қазақтың намысын таптатпаймыз!", - деді талғарлық тұрғын. 

Еске салсақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған. Жамбыл облысындағы полиция депортаменті Қордайдағы жанжалға байланысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар