Қордайдағы тұрғындар жанжалынан кейін бірнеше шенеунік қызметінен босатылды

/image/2020/02/10/crop-91_5_309x412_074543030100.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Қордайдағы тұрғындар арасында болған жанжалға байланысты бірнеше шенеунікті қызметінен бостауды тапсырды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ақорданың жазуынша, президент Мырзахметовке өзінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені, ал Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековты қызметінен бостуды тапсырды.

 

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданында этникалық дүнгендер мен қазақтар арасында жанжал болып, 10 адам қаза тапқан еді. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар