"Қазаның құпиясы әлі толық ашылмады"

/image/2020/02/11/crop-65_14_620x826_84391786_134072504761631_5259468095705055232_n.jpg

Алматыда осыдан 14 жыл бұрын жанындағы екі серігімен бірге қастандықпен өлтірілген оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды. "Астана" қонақ үйінде өткен шараға саясаткерлер, азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар мен жазушылар қатысып, марқұм туралы естелік айтты. Бұл туралы azattyq хабарлайды. 

Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы журналист Рысбек Сәрсенбай шарада оқыған "Арнаулы баяндама" атты үндеуінде бауырының қазасына байланысты елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы, қазір парламент сенатының спикері Дариға Назарбаевадан жауап алуға шақырды.

"Қазаның құпиясы әлі толық ашылмады. Тапсырыс берушінің аты-жөні нақты аталмады. Негізгі күдіктілер тасада қалып қойды. Назарбаев күйеу баласы [Рахат] Әлиевті дер кезінде жауапқа тартқан жоқ" деді ол.

– Ағамның қазасына байланысты күдікті ретінде экс-президент пен оның қызынан жауап алуды талап етемін. Сондай-ақ "Елбасы туралы заң" жойылсын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы талабымызды орындасын, – деді ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы. Ол ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір шетелде тұратын Әлнұр Мұсаев та жауапқа тартылуы керек деп санайды.

Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды 2006 жылы 11 ақпанда Алматыда ұрлап әкеткен. Қарудан атып өлтірілген үшеуінің сүйегі екі күннен кейін Алматы іргесіндегі тау бөктерінен табылған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар