"Естеріңізді жиыңыздар". Бейтаныс әйелдің дүнген қауымдастығы төрағасына үндеуі (видео)

/image/2020/02/12/crop-5_176_251x335_unnamed.jpg

Дүнгендерге талап!!!Әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің Қазақстандағы дүнгендер қауымдастығының төрағасы Хусей Дауровқа арналған видеожазбасы жүр. Ол өз ойын орыс тілінде жеткізгісі келетінін айтқан. "Себебі депутат сымақ дүнген этносының өкілі қазақша түсінбейді,  қазақ халқы сіздерден бұл үшін кешірім сұраймын" дейді.

– Құрметті депутат, дүнген диаспорасының төрағасы, мен сіздерден дүнген азаматтарының Қордай ауданындағы бүлікті ұйымдастырғаны үшін қазақ халқынан  кешірім сұрауын талап етемін. Өздеріңіз білетіндей, ұзақ жылдардан бері дүнген азаматтары біздің жерде қызмет етіп жүр. Тиісінше Қазақстан аумағындағы дүнгендер өте бай тұрады екен. Бұны өзіңізде тілге тиек еткен болатынсыз. Иә, дұрыс айтасыз! Осы көл-көсір байлықтың кесірінен сіздер кеуде керіп, дұрыс өмір сүре алмай жүрсіздер, – деген әйел ашуға булыққан күйі үндеуін ары қарай жалғастырды.

–  Бірақ менің сіздерге айтқым келетіні мынау, құрметті депутат мырза! Қаншама уақыт бойы эфирден байқағаным сіздердің төрағаларыңыз Қазақстанның Ресей құрамына кіруін қалайды екен. Ал өзі қазақтың ұлан-байтақ, дархан даласына иелік етіп отыр. Ол сол жерге түрлі жеміс-жидектерді егіп, сол арқылы ақша тауып, бүтіндей бір отбасын асырауда. Кім оған бұндай керемет мүмкіндікті берді?! Әрине, жаны жайсаң қазақ халқы. Өз еліндегі биліктің бір ұшын жаны бөлек болса да, қаны бір деп өзге ұлттарға ұстатып қоятын да біздің халық. Дархан даланы өзге ұлт өкілдерімен бөлісетін де, олардың нан табуына жәрдемдесетін де біздің аңғал халық. Ал сіздер бұны асыра пайдаланып жатқандарыңызды әліге түсінбедіңіздер. Қай мемлекет өзге ұлттың азаматын өз саясатына араластырып қойып қарап отырады. Тек біздің қазақ халқы ғана ешкімде бүйірінен теппей, кез келген ұлтты құшақ жая қарсы алады. Әрине бұл адамгершіліктің, тектіліктің көрінісі, – дейді бейтаныс әйел.

– Эфирге шығып, төрағаларыңыз біздің елден кешірім сұрасын және бұл сөздер жерде қалмасын. Сіздер өздеріңізді ұлы даланың қожайыны ретінде сезініп кеткен секілдісіздер. Естеріңізді жиыңыздар. Бұл иелік қазақ халқының меншігінде. Бұған өзгенің қол сұғып, талан-таражға салуға ешқандайда қақысы жоқ. Осыған дейін өз еріктеріңіз өздеріңізде болды. Қаласаңыздар, зорлық-зомбылыққа бардыңыздар. Адамдарды жауыздықпен өлтіруден де таймадыңыздар. Мүмкін болса айтыңыздар, сіздерге бұндай билікті кім берді?! Біз қазақ халқы біздің территорияда өмір сүріп жатқан кез келген ұлтты сыйлайды. Алайда соған есіріп, ойларыңызға келгенді жасаудың қажеті жоқ, – деп сөзін аяқтаған бейтаныс әйел.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар