«Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырғандар саны 48,2 мыңнан асты. 3 441 адам ауруханадан жазылып шықса, 1 310 адам көз жұмды», - деп хабарлайды аймақтық денсаулық сақтау комитеті.
Дәрігерлер вирус жұқтырғандар санының күрт өсуін диагностиканың жаңа әдісін қолданумен байланыстырып отыр. Яғни, өткір дертті анықтауда жаңа технологияның септігі зор дейді мамандар.
Нәтижесінде, Қытайдың Хубэй провинциясында 15000-ға жуық адамның жаңадан ауру жұқтырғаны анықталған.
Ал осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырды делінген 33 мыңнан астам адам әлі ауруханада жатыр. Оның 5647-сі ауыр халде.
Пікір қалдыру