Орталықсыздандыру. Үкіметтен министрліктерге өкілеттіктер беріледі

/image/2020/02/13/crop-117_5_404x539_070434088400.jpg

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы таныстырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Заң жобасы мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру мақсатында әзірленді және министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы жекелеген функцияларды Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға беруді көздейді. Заң жобасымен 55 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекске, 50 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр, – деді заң жобасын таныстыруға арналған отырыста Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Ал заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимованың айтуынша, Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік беріліп, министрліктер арасында 2 функция қайта бөлінеді. Орталықсыздандыру жалғасады. Орталықтан өңірлерге 3 функция беріледі.

– Облыстық деңгейден ауданға жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі өкілеттік беріледі. "Өкілеттіктерді қайта бөлу не береді?" дегенге тоқталсақ, ең алдымен Үкімет салалардағы саясатты қалыптастыруға баса назар аударатын болады. Мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдер үшін дербестігі мен жауапкершілік деңгейі артады. Сондай-ақ оларды қабылдаудың жеделдігі арттырылады, – деді вице-министр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар