Қаңтар айында 2020 жылға республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 138,4 млрд теңге бағытталдыү Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлады.
2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 222,5 мың адамды құрайды.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемдерін қоса алғанда) 2020 жылдың 1 ақпанына 90 502 теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесінде қатысу өтілін (мерзімін) тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін ынтымақты жүйеде жинақталған және міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер негізінде сол күннен кейін жинақталған өтіл қосылады. Сонымен бірге, МЗЖ төлеудің бір айы жинақталған зейнетақы жүйесіндегі бір айлық тәжірибе болып саналады.
Сонымен, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды (2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31183 теңге), содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артып отырады.
Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94%-ын құрайды. Жұмыс өтілі 33 жыл және одан да көп болған кезде, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% максималды мөлшерінде белгіленеді.
Осылайша, азаматтың зейнеткерлік жасқа жеткендегі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық төленгеніне байланысты болады.
Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері (ынтымақты) 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнетке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.
Пікір қалдыру