Қордайдағы ұлтаралық жанжалдан кейін ақпанның 12-сі күні кешкілік Жамбыл облысының прокуроры ауысты. Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров тағайындалды. Бұған дейін бұл міндетті Жарқын Құсайынов атқарып келді. Бұл туралы бас прокуратур сайты хабарлады.
28 жылдан астам тәжірибесі бар Нұрғалым Әбдіров бұған дейін бас прокуратурадағы үш департаментке жетекшілік еткен. Ол Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметінде болған. Сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан облысы прокуратурасын басқарған.
7 ақпан кешке Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер жанжалына байланысты 25 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашында бұл жанжалды "бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес" деп сипаттап, кейін "ұлтаралық жанжал тудырғандар" деп "арандатушыларды" деп айыптады.
Пікір қалдыру