"Әкім орынбасары 530 000 теңге көлемінде пара алды"

/image/2020/02/13/crop-129_49_704x939_news_full15743447110f2a2b6d4527866bf2ad3fc00c4c78a2.jpg

Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімінің орынбасары үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда іс тергеуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. 

– Кеше Түркістан облысының Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол жергілікті кәсіпкерден жер учаскесін бергені үшін 530 000 теңге көлемінде параның бір бөлігін алды деген күдікке ілінді, – деп айтты №1 департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров. 

Бигайдаровтың айтуынша, тергеу шаралары жалғасуда. Күдіктіге қатысты шешімді және айыптың деңгейін сот анықтайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар