200 мың теңге алып, 4,5 миллион айыппұл төлейді: Солтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

/image/2020/02/13/crop-169_9_706x942_para.jpg

 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-нің басшысы пара алды деген күдікпен айыпталды, деп хабарлайды  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хатшысы.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жолдарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жеткені үшін жшс директорынан 200 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелді. 2020 жылғы 12 ақпанда Петропавл қаласының соты Тасболатовты мемлекеттік қызметте лауазымды қызметі құқығынан өмір бойына айырып, 4 миллион 500 мың теңге айыппұл салды, деп мәлімдеме жасады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар