Қазақстанда 40-қа жуық этникалық дүнген әскери борышын өтеуде

/image/2020/02/13/crop-45_9_703x937_dungan.jpg

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі дүнгендердің әскери қызметтен жалтарғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қауіпсіздік Комитеті бас штабының ұйымдастыру және жұмылдыру қызмет бөлімі бастығының орынбасары полковник Кузнецов Сергей Геннадиевичтің айтуынша, этникалық дүнгендердің әскерден жалтарғаны туралы ақпарат анықталмаған. Бүгінде  40-қа жуық этникалық дүнген Қазақстанда отан алдындағы парызын өтейді.

2020 жылы 34 мыңнан астам адамды әскери қызметке шақыру жоспарланған. Олар қарулы күштерде, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде, ұлттық ұлан мен мемлекеттік ұлан қызметінде әскери борышын өтейді.

12 ақпанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы "Белгіленген әскери борышын өтеген әскери қызметкерлерді резервке шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметке шақырылуы" туралы жыл сайынғы жарлыққа қол қойға болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар