Бұндай ойды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметі дерегін негізге алып.
Министрдің айтуынша, бар мәселе – ынталандыруда, яғни қазір директорлардың айлығы мұғалімдердің айлығынан төмен болып отыр.
«Директорлар үшін жай ғана мұғалім болып істеген ыңғайлы. Директорлардың жауапкершілігі жоғары және қағазбастылық көп, балалармен жұмыс істеу деңгейі де өзгеше. Бар мәселе – ынталандыруда, яғни директорлардың айлығы мұғалімдердің айлығынан төмен. Осы орайда жалақыны 2 есеге арттыру директорлар мен олардың орынбасарларына да қатысты болмақ. Ендігі кезекте директорлар өз шеберліктеріне байланысты санаттарға бөлініп, өз жалақыларын 2 есеге, яғни 100 пайызға арттыру мүмкіндігіне ие. Директорларды да қолдайтын боламыз»,- дейді А. Аймағамбетов.
"Қолдау" демекші, министр журналистермен болған сұхбатта Солтүстік Қазақстан және орталық өңірлерде директорлар мен олардың орынбасарларының тапшылығы да барын атап өтті.
Пікір қалдыру