Қазақ-қырғыз шекарасы "Қордай" автокөлік өткізу бекетінің жөндеу жұмыстарына байланысты 20 ақпаннан бастап жабылады. Жөндеу жұмыстарының қашан өз мәресіне жететіні белгісіз, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– 20 ақпаннан бастап Қазақстанның "Қордай " және Қырғызстанның "Ақжол" шекара бекеті жабылады. Бұл жерлерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, – деді шекараның баспасөз қызметінің басшысы Қанатбек Сұлтанов.
Екі ел азаматтарына қол жүгімен таңғы 06:00-ден түңгі 12:00-ге дейінгі уақыт аралығында жүруге рұқсат етіледі.
Шекара қызметкерлері шетел азаматтары мен көліктерді өткізу үшін басқа өткізу пунктерін пайдалануға кеңес береді.
Қазір екі ел арасында көлік өткізетін 11 пункт бар. Олардың бесеуі – көпжақты халықаралық, алтауы – екі жақты өткізу бекеті.
Пікір қалдыру