Қордайдағы жанжалға байланысты Түймебаев: Қылмыс ұлтқа жатпайды

/image/2020/02/14/crop-76_42_409x546_56c512d2285f5ce606fd3e270f4aae40_resize_w_830_h_465.jpg

Нұр-Сұлтанда этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесу өтті. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев еліміздің Конституциясы этникалық, нәсілдік, діни және басқа да мүшелікке қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ ол жақында ғана орын алған Қордайдағы ұлтаралық жанжал туралы өз пікірін білдірді. 

– Қылмыс ұлтқа жатпайды. Барлық кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. Бұл сөзсіз. Қақтығыстың себептерін мемлекет толық түсініп, мәселені шешудің жолдарын қарастыруда, – деп атап өтті Түймебаев.

Отырыста сонымен қатар қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, ұлтаралық қарым-қатынас негізі ретінде мемлекеттік тілді үйрену, ұлттық тарихи сананы дамыту және т.б. бірқатар міндеттер қаралды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар