ҰҚК Алматыда теракт жасамақ болған екі адамды ұстады

/image/2020/02/18/crop-88_5_443x590_photo_63394.jpeg

ҰҚК Алматыда деструктивті діни ағымдағы екі адамды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

"2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктив діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитет дерегіне сүйенсек, оларға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынғандар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

ҰҚК мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар