"Уханьда тараған вирустан бүкіл әлемде жаңа құрбандар пайда болады". Twitter қолданушылары 1981 жылы шыққан "Қараңғының көздері" романында осылай жазылғанына таңданыс білдіруде. Бұл туралы greatgameindia.com сайтында жазылған.
Америкалық Дина Кунц атты фантаст жазушы 1981 жылы "Қараңғының көздері" атты фантастикалық роман жазған. Кунц кітабының 39-тарауында Қытай коммунистік партиясы Ухань маңындағы әскери зертханаларда биологиялық қару ретінде вирус жасайтыны айтылады. Оны Ухань-400 деп атаған. Вирус адамды 100 пайыз өлтіруге қауқарлы делінген.
Романда ұлын іздеп жүрген, оның өлі не тірі екенін білмейтін ана туралы жазылған.
Анасы ұлының тауға шығуына рұқсат береді. Ұлы 16 жыл бойы тауға шығып жүрген кәсіби мамандармен бірге тауға шығады. Алайда бұл жолы тауға шыққан әр турист, жол нұсқаушы тіпті көлік жүргізуші де белгісіз себептен көз жұмады. Қайғыдан қан жұтқан ана ұлының өлгеніне сенбейді. Кейін ол өзінің досымен бірге ұлының неден қайтыс болғанын іздестіруге көшеді. Оқиға желісі осылай басталған романда қытайлық зерттеушінің "Ухань-400" деп аталатын биологиялық қару жасап шығарғаны туралы айтылады. Ол бұл қаруды АҚШ-қа жасырын түрде әкелген. Қытайлық зерттеуші бұл қаруды Ухань қаласында жасап шығарған. Кейін оны өз мақсаттарына қолданады.
Араға 39 жыл салып, Қытайдың Ухань қаласынан коронавирус шығып, одан мыңдаған адамның қаза болуы романдағы оқиға желісімен ұқсайтынына көпшілік бұл кездейсоқтық па, әлде тылсым бірдеңе ме деп таңданысын жасыра алмауда.
Пікір қалдыру