Батыс Қазақстан облысында науқас ауруханаға өрт қойды

/image/2020/02/18/crop-170_7_705x939_ort.jpg

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 ақпан күні 05:41-де өрт сөндіру бөліміне Тасқала ауданы орталық емдеу бөлімінің №8 палатасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт 15  шаршы метр аумақты қамтыған. 42 жастағы науқас өз төсенішіне өрт қойып, 2-қабаттың терезесінен секіріп, іс-түссіз жоғалып кеткен. Оны іздеу жұмыстары жалғасуда. Өрт сағат 06:06-да сөндірілді. Оқиға орнында 3 техника мен 11 өрт сөндіруші жұмыс істеді, деп мәлімдеді БҚО төтенше жағдай департаменті.

Ауруханадан 20 адам эвакуацияланып, 2 адам құтқарылды. Оның ішінде 4 бала, 8 медициналық қызметкер бар. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар