Коронавирустың эпидемиалогиялық жағдайы туралы денсаулық сақтау министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады. Температурасы және жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері бар жеті адам анықталған.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, бүгін мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қытайдан Қазақстанға 31 476 адам келген.
"Денсаулық сақтау министрлігі және тауарлар мен қызметтердің сапасы қауіпсіздігі комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежай мен теміржол бекеттерінде Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы өтетін тұрақтан 24 466 адам бақылауға алынғаны мәлім болды, оның 31476-сы тексерістен өткен. Қазір соңғы екі аптада келген 1574 адам медициналық бақылауда тұр. Ауруханаға жатқызылғандар саны – 308. Бүгінгі күнге дейін 160 адам ЖРВИ белілері бойынша арнайы бақылауға алынып, оның 153 толықтай емделіп шықты" – делінген мәлімдемеде.
Пікір қалдыру