Атырауда Демократиялық партия белсенділері ұсталды

/image/2020/02/18/crop-29_7_929x1239_33.jpg

Тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының Алматыда 22 ақпанда өтеді деп жоспарланған құрылтайшылар жиналысына баруға жиналған атыраулық саяси белсенділерді кешелі бері тұтқындау және ұстау басталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azh.kz сайтының дерегін негізге алып. 

17 ақпанда Атырау әкімшілік сотының қаулысымен 49 жастағы Қасым Қожантаев «сот шешімін орындамау» айыбымен 5 тәулікке қамалды. Ол Алматыға 18 ақпанға билет алып қойған. Полиция болжамы бойынша, Қожантаев терминал арқылы 75 мың теңге көлемінде несие алған және оны әдейі төлемеген. Алайда Қожантаевтың өзі тек несие ғана емес, сот шешімі туралы білмейтін болып шықты.

Сол түні полицейлер белгілі азаматтық белсенді Талғат Аянды да 2 сағат бойы бақылауға алған, бірақ ұстамаған. Бүгін, 18 ақпанда, оны полиция департаментінің жедел өкілдері пікірлестерін Алматыға жүретін пойызға шығарып салып тұрғанда ұстап алды. Полицейлер оны полиция департаменті ғимаратына алып келді, бірақ ол өзінің адвокатынсыз ішке кіруден бас тартты.  

– Бүгін мен шығарып салған бірнеше адамды «Атырау – Алматы» пойызына жібермеген. Мен ешқандай шақырту қағазын алғаныным жоқ. Мен жай ғана өзімнің достарым мен таныстарымды теміржол вокзалында жолға шығарып салдым. Сол жерде мені ұстады. Оның себебін түсіндірген де жоқ. Менің адвокатым қазір сотта отыр, ал мен адвокатсыз жауап бермеймін, –  деді ол.

Бүгін өз үйінің жанында «Атырау – Алматы» пойызына  отыру үшін вокзалға бармақ болған Дарья Олжағалиев ұсталды. Оны полиция департаментіне алып келді, тергеуші Ақылбек Таишиев одан екі сағат бойы жауап алған.

– Менің мәртебем – тергеуші. Олар ҚР ҚК 400 бабы (Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғаған сияқты. Жақында біз Макс Боқаевты босату үшін 1 наурызда митингіге шығуға адамдарды шақырған бейнежазба түсірген болатынбыз. Дегенмен, полиция дегеніне жетті, мен пойызға үлгермей қалдым, – дейді Д. Олжағалиева.  

17 ақпанда белсенді Алтынгүл Ишимова полиция департаментіне жауап алуға шақырту алды. Ол бұған дейін «Саяси тұтқын Макс Боқаевты босатуды талап етеміз!» деген ұранмен бейбіт митинг өткізуге өтініш жазған еді. Ол Алматы пойызына отырғанымен полицейлер оны Мақат станциясында пойыздан түсіріп алды. Қазіргі уақытта Ишимованың қайда жүргені белгісіз.

Бұдан басқа Алматыға жүруге тиісті Рүстем Қажымов және Жарас Мусин де ұсталды. Қазір оларды жауап алу үшін полиция департаментіне алып кетті.

– Жауап алып болған соң олардың барлығы да босатылады, – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы күндері Қазақстанда түрлі айыптаулармен 30-дан аса белсендінің ұсталғанын айта кету керек. Полиция департаменті ғимаратының маңында жаңа ғана атыраулық құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева ұсталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар