Демпартия съездің орнына митинг өткізеді (видео)

/image/2020/02/19/crop-481_11_660x880_snimok-ekrana-447.png

Демократиялық партия құрғысы келіп жүрген бастамашылар делегаттарды жаппай тұтқындағаннан кейін құрылтай съезінің орнына митинг өткізетін болды. Бұл туралы партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай хабарлады. 

– Біздің қолдаушыларымыз бен белсенділерімізге құрылтай конгресін тоқтату үшін бұрын-соңды болмаған қысымның салдарынан 22 ақпанда жоспарланған съезд болмайтынын хабарлаймыз. Бірақ сол күні біз адам құқығын бұзуға қарсы наразылық білдіретін митингке келіп, бүгін қамауда отырған жақтастарымызбен бірге екенімізді көрсетеміз , – деді Жанболат Мамай.

Жанболат Мамайдың айтуынша, соңғы күндері Демократиялық партияның барлық өңірдегі белсенділері мен құрылтай съезіне қатысқысы келетін делегаттар заңсыз ұсталған. 

– Кеше Маңғыстау облысынан съезге бара жатқан 30-ға жуық адам ұсталып, облыстық полиция басқармасына жеткізілді. 5 адам бес күнге қамауға алынды, бүгін тағы бірнеше сот процесі өтеді. Атырау облысындағы белсендіміз Әлібек Мұсаұлы да қамауға алынды. Қостанай мен Семейдегі жақтастарымызға да қарсы қылмыстық істер қозғалып жатыр, – деді Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар