"Қазақ жеріндегі шетелдік әскери полигондар жабылсын!"

/uploads/thumbnail/20170708151030980_small.jpg

Қадірлі әріптестер! Кәсіби мейрам жақындаған кезеңде: "біз журналист деген халық - ең адал кәсіптің иесіміз" дегендей пафосты сөздер айтып, жұбаныш іздеуге құмармыз ғой, ақыры... Ендеше, елдің адал баласы екенімізді тағы бір дәлелдейік: ертең бейсенбіде баспасөз мәслихатына келіңіздер. "Қазақ жеріндегі шетелдік әскери полигондар жабылсын!" деген бастамамызға үн қосыңыздар. Ресейлік полигондар аймағындағы індетке ұшырап, тоз-тоз боп зардап шеккен ағайынға жанымыз ашыса екен! Оралдық белсенді азаматтардың бастамасына ортақтасып, "Капустин Яр" полигонын шолып, жергілікті халықты аралап қайтқан Мұхтар Тайжанның іссапар есебіндегі баспасөз мәслихатына келіңіздер. Маңызды мәліметтер бар. Әсіресе, Бас редактор, Шеф редактор, Шығарушы редактор, Продюсер ағайын, Сіздерге үміт артамыз.... БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ Тақырыбы: "РФ "Капустин Яр" әскери-зымыран полигоны аймағындағы Қазақстан азаматтарының зардап шегуі" ІССАПАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ Өткізуші: экономист Мұхтар Тайжан Болатын жері: Алматы қаласы, Әуезов 82, 605 кеңсе (Абай көшесінен жоғары, сол жағында) Уақыты: 27 маусым, бейсенбі. Сағат - 11:00. Байланыс телефоны: 375 86 54, +7 777 121 7667, +7 701 367 2110, Айдос Жұқанұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар