Карантин ережесін бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады

/image/2020/02/19/akhmetsharip.jpg

Коронавирус тараған мемлекеттерде болған қазақстандықтар біздің елде карантин ережесін бұзса, олар әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Ахметшәріптің айтуынша, Қазақстанда карантинде болатын адамдарды министрлік 3 топқа бөледі. Бірінші топқа 6 ақпаннан бері Қытайда болып келген азаматтар жатады. Олар 14 күндік карантинге алынады. Екінші топқа коронавирус кеңінен тараған аймақтан келгендер кіреді. Үшінші топқа коронавирус аз тараған мемлекетте болып келген адамдар тіркеледі. Олар жергілікті аурухана мекемесіндегі дәрігерлердің бақылауында болады. 

– Егер карантин жағдайына бағынбайтын болса, Әкімшілік кодекстің 462-бабы бойынша жауапқа тартылады. Сонымен қатар белгілі мөлшерде айыппұл өтейді деді, – Ахметшәріп.

Министрлік тағы да вирус кеңінен тарап жатқан аймақтарға шықпауды өтінді. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар