"ШҚО-да шекара бекетінен Қытайдан адам және тауар өткізген" (видео)

/image/2020/02/20/crop-358_115_462x615_snimok-ekrana-451.png

ШҚО Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғындары Майқапшағай шекара бекетінде түнгі уақытта Қытайдан адам мен тауар өткізгенін айтты. Бұл туралы Жұмабек Әлімхан атты facebook қолданушысы жазды.

– Әлем елдері Қытайдан тараған коронавирустан сақтанып, шекараларын қатаң бақылап, Қытайдан тауар да кіргізбей отыр. Ал ШҚО-дағы Майқапшағай шекара бекетінде түннің ортасында Қытайдан адам және тауар өткізген. Мынау не сұмдық! Қытаймен тұтас шекарамыз жабық дегені қайда? Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма? Тіпті коронавирус елімізге кіріп те кеткен сияқты. Әйтпесе, бөлінген 2 млрд теңге қайда жұмсалды және министр неліктен оның есебін халыққа ашық айтпай құпия ұстап отыр? Масқара ғой мынау! Сонда бұл біреулердің бизнесі болып отыр ма? Не деген сұмдық! Айтарға сөз жоқ, – деп жазды Жұмабек Әлімхан. 

Ауыл тұрғындары аудан әкімі Серік Қасымбекұлына шағымданған. Түрғындар кеше сағат түскі 15:00-ден бастап жиналып, аудан әкімінің келуін талап еткен. 

Кейін ауыл тұрғындары "шекара жабылсын немесе өзіміз шекара күзетеміз" деп талап қойған. 

Еске сала кетсек, Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты ШҚО-да ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекарасы уақытша жабылған болатын. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар