Қазақстандағы деструктивті діни ағымдағылар басқа адамдарды өз қатарларына тарту үшін такси қызметкерлерімен де тығыз байланыс орнатуды бастаған, деп хабарлады Астана телеарнасы.
Жат ағымдағы адамдар автокөліктерді жалға алып, такси қызметкерінің рөлін атқару арқылы өз құрбандарын іздейді екен. Көлікке мінген адамға рухани құндылықтар туралы әңгіме айтып, әділеттік туралы сөз қозғайды. Діттеген жеріне жеткен кезде жол ақысын аздау сұрап, әлгі жолаушының нөмірін алып қалуға әрекет етеді.
Әлеуметтік желіні көп қолданатын адамға сыртқы ортадан аз көңіл бөлінеді. Ал олар жеткілікті дәрежеде адамға көңіл бөлу арқылы, адам санасын улайды. Осындай әрекеттерге берілген қазақ қыздары Сириядағы ерлермен хат алысқаннан кейін, бірден сол жаққа кетіп қалады.
Мамандардың айтуынша, жат діни ағым өкілдері адамдарды өздеріне тарту үшін жыл сайын жаңа бір әдіс-тәсіл ойлап табады екен.
Пікір қалдыру