Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева электр энергетикасы саласының жұмысы мен халықты электрмен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесу өткізді, деп хабарлайды Парламент сенатының ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенат төрағасы кездесудің маңызына тоқтала келіп, өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында электр энергиясы бірнеше мәрте өшіп қалғанын еске салды.
«Қаланың бір бөлігі электр жарығынсыз қалды, оның себебін білу әрі түсіну үшін мемлекеттік уәкілетті органдарды тыңдағымыз келеді. Сол жағалаудың коммуникациялары мен инфрақұрылымы жақында салынған, оларды көнерді немесе апатты жағдайда деп айтуға болмайды», - деді ол.
«Астана АЭК» Басқарма төрағасы Серік Балқышев өз баяндамасында тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы ұзақ үзілістерге душар еткен ақауларға мониторинг нәтижелері иесіз желілер мен қосалқы трансформаторлық станциялар негізгі себеп екенін айтты. «Астана АЭК» басшысының ақпараты бойынша, құрылыс компаниялары көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін пайдалануға бергеннен кейін үй ішіндегі инженерлік коммуникацияларды қызмет көрсететін компанияларға тапсырады.
«Сыртқы электр желілері иесіз қалады, оларға тиісті қызмет көрсетілмейді әрі күзетілмейді, соның нәтижесінде қосалқы станциялардың жабдықтары бұзылады әрі істен шығады. Қазіргі уақытта сыртқы инженерлік желілерді мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдарға беру мәселесі нормативтік-құқықтық актілермен реттелмей келеді», - деді ол.
Дариға Назарбаева талқылау барысында иесіз жаңа желілердің пайда болуының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік кодексті қарауға аса мұқият оралу керектігін ескертті.
«Қандай мәселелерді қарастырсақ та, бақылаудың жоқтығы проблемасына ұдайы тап боламыз, тиісінше мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр», - деді Назарбаева.
Назарбаева өз кезегінде электр энергетикасы саласын әкімшілендірудегі сапаның төмендігіне назар аударды.
«Бақылау жоқ, кәсіпорын заң мен нормативтік-құқықтық актілерді адал орындауы үшін мониторинг жасау керек. Реттеу құрамы да жоқ. Шығындар бәріміздің қалтамыздан төленеді, есеп-шот келген кезде ойланбастан төлей саламыз», - деп атап өтті Дариға Назарбаева.
Пікір қалдыру