Бүгін Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары ауысты. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Бас прокурордың бұйрығымен 19 ақпанда Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып Мамаев Қанат Есіркепұлы тағайындалды" делінген хабарламада.
Қанат Мамаев 1974 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарында 1996 жылдан бастап қызмет атқарды. Бұған дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының, Алатау, Алмалы, Медеу аудандарының прокуроры, Алматы және Қостанай облысы прокурорларының орынбасары болған.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.
Бұған дейін Жамбыл облысының прокуроры Жарқын Құсайынов болған.
Пікір қалдыру