Қордай ауданында ақсақалды соққыға жыққан күдіктінің ісі бірнеше аптадан кейін сотта қаралады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
– Қордайда қазір жағдай тұрақты, күндіз-түні ұлттық гвардия қызметкерлерімен жұмыс істеп жатырмыз. Полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш адамның барлығы ұсталды. Екі-үш аптада олардың ісі сотқа беріледі. Сонымен қатар ақсақалды ұрып-соққан адам да ұсталды. Енді медициналық сараптаманы алғаннан кейін сот жұмысын бастайды. Қай елде жүрсек те, ересектерге күш қолдану бізде болған емес. Бұл қылмыс. Қарт кісіні ұрғандарды табамыз, – деді ІІМ басшысы.
Еске сала кетейік, Қордай ауданындағы жанжал кезінде зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылды. Дәрігерлерлердің айтуынша, жағдайы бірқалыпты.
Пікір қалдыру