Этникалық дүнгендер: Қазақ ағайындар, соғыспайықшы! (видео)

/image/2020/02/21/crop-326_13_743x991_snimok-ekrana-458.png

Этникалық дүнгендер қазақ тілін білетінін айтты. Олар қазақстандықтарға үндеу жариялады. 

"Менің атым Азим. Ауқатты ауылында тұрамын. Ұлтым - дүнген. Кей қазақтар "дүнгендер білімсіз, қазақша білмейді", - деп айтады. Сіздер қателесесіздер! Менің қарындасым, інім қазақ тілін біледі. Ата-анамыз бізге қазақ дәстүрін құрметтеуді үйретті. Өзім қазақ сыныбында оқимын және қазақ достарым да көп. Мен атқа мінгенді қатты жақсы көремін. Әкем былтыр маған құлын әкелді. Сол құлынды өзім баптадым. 7-ші ақпанда сол құлынымды ұрлап кетті, үйімізді де өртеді. Қазақ ағайындар, соғыспайықшы! Менің Отаным - Қазақстан! Қазақстанды жақсы көремін", - дейді Азим. 

Азимнің қарындасы да қазақстандықтарды соғыспай өмір сүруге шақырды. 

"Мен Айдарова Рамина 6 сыныпта оқимын. Қазақ сыныбында білім алып жүрмін. Менің құрбыларымның бәрі – қазақ. Әкем дәрігер болып, ал анам мұғалім болып жүмыс істейді. Менің арманым – мұғалім болу. Кішкентай балаларға қазақ тілін үйреткім келеді. Соғыспай өмір сүрейікші! Қазақстанды жақсы көремін", - дейді Рамина есімді қыз. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар