Жанболат Мамайдың жақтастары оның қауіпсіздігіне алаңдаулы

/image/2020/02/22/crop-209_227_604x939_whatsapp-image-2020-02-21-at-23.27.34.jpeg

Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жақтастары Алматы облысы Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінде ұсталып отырған қоғам белсендісі, ынталы топ жетекшісі Жанболат Мамайдың қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінде жүрген Қамшы тілшісі бүгін кешке қарай ұсталған қоғам белсендісімен әлі де байланысу мүмкін болмай отырғанын хабарлады.

Ішкі істер бөлімі ғимаратына Жанболат Мамайды қолдауға 50-ден астам адам келген. Сондай-ақ ғимарат маңына арнайы жасақ өкілдері де көптеп жиналған.

Қоғам белсендісінің жақтастары Мамаймен сөйлестірмей, қорғаушысын ішке кіргізбеуі себепті, оның қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіруде.

Бұған дейін полицияның Жанболат Мамайды ұстап алып кеткені, оның жақтастары ынталы топ жетекшісін босатуын талап етіп, аштық жариялағаны хабарланған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар