Жанболат Мамай 3 тәулікке қамалды

/image/2020/02/22/crop-12_6_726x968_1582337471zljf4_1000x768.jpg

Демпартия құру бойынша ынталы топ жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай "рұхсат етілмеген митингіге шақырды" деген айыппен үш тәулікке қамалды.

Қоғам белсендісіның зайыбы, журналист Инга Иманбайдың facebook парақшасына жазуынша, Алматы облысы Қарасай аудандық мамандандырылған әкімшілік соттың бұл шешімі 22 ақпанда таңғы сағат 5-те айтылған. Оған дейін Жанболат Мамайға ешкімді кіргізбеген. Құқыққорғаушы Жанар Балғабаев да оппозициялық саясаткердің 50-ге жуық жақтасымен бірге аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының алдында кіре алмай тұрған.

Полиция кеше ынталы топ мүшесі Жанбол Рахматулланы ұстаған. Мамай мен оның жақтастары Рахматуланның соты өтетін Қарасай аудандық сотына барғанда Мамайдың өзі ұсталған.

Артынша Демпартия құру бойынша ынталы топ жақтастары Алматы облысы Қарасай аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының алдына жинала бастады. Олар Жанболат Мамайды босатуды талап етіп, 10 шақты азамат төтенше шара ретінде аштық жариялады.

Бүгін Демократиялық партия бастамашыл тобы мүшелерінің бірі Сайлау Лепесовтың қамалғаны туралы ақпарат шықты.

19 ақпанда Мамай бастаған "Демпартия" ынталы тобының өкілдері 22 ақпанға жоспарланған құрылтай съезд өтпейтінін, оның орнына сол күні митингіге шығатынын айтқан. Ал 20 ақпанда Жанболат Мамай азаматтарды 22 ақпан күні Алматыдағы "Астана" алаңына митингіге келуге шақырған болатын.

Ынталы топ жетекшісінің жақтастары әлеуметтік желілерде бүгін митингі болатынын, "Жанболат Мамайды босатуын талап ететіндерін" хабарлауда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар