Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 75 936 адамға жеткен, оның 2442-і қайтыс болған. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитеті хабарлады.
"Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне 31 провинциядан (аудандардан, орталық бағыныстағы қалалардан) 76936 адамның жаңа коронавирус түрін жұқтырғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның ішінде қазіргі уақытта 51 606 адам науқастанып жатыр, ал 10688-ы ауыр халде. Ауруханадан шығарылған науқастар саны – 22 888, 2442 адам қайтыс болған" делінген хабарламада.
Соңғы тәулікте ел аумағында 648-ге жуық жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелсе, оның 2230-ы ауруханадан жазылып шыққан, ал қайтыс болғандар саны – 97.
Қазіргі уақытта ауруды жұқтырды деген күдікпен 4,1 мың адам қатаң тексеріліп жатыр. Әзірге тіркелген науқастар саны 106 мыңнан асты, олар медициналық бақылауда.
Пікір қалдыру