Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың мәйіті табылды

/image/2020/02/24/071538323800.jpg

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"24 ақпан сағат 8:40-та жедел басқарма пультіне көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен 1994 және 1992 жылы туған екі ер адамның өлі табылғаны хабарланды. Екеуі де Шымкенттің № 556/52 әскери бөлімінде қызмет еткен. Пәтер жалдап тұрған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды" делінген департамент таратқан хабарламада.

ТЖД мәліметіне қарағанда, үйді жылыту мақсатында газ плитасы қолданылған. Салдарынан пәтерде табиғи газ иісі тарап кеткен. Соған байланысты ТЖД-ның  үш қызметкері мен полиция департаментінің төрт қызметкері жұмылдырылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар