20 жасында бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы атаған, ұзамай көлік апатынан қайтыс болған спортшы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден өтті.
Сейілхан Саттарханов жары Сырлыкүлмен 4 бала тәрбиелеп өсірген. Барлығы да бала кезінен спортқа жақын болған. Алайда балаларының ішінде Бекзат спортта үлкен жетістікке жетіп, ақыры олимп шыңына көтерілді. Бірақ даңқты боксшы 2000 жылдың 31 желтоқсанында жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.
Пікір қалдыру