Мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко әскери борышын өтеп жүрген қазақстандықтардың кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсыныс білдірді.
Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде әскерге шақырылушылар арасында кредит төлейтіндер көп. Сондықтан да олар жақындарына ауыртпалық түсірмес үшін әскерге бармауға тырысып жатады. Сол сияқты төлем мерзімін шегеруді сұрайтындар да жоқ емес деді.
– Егер шақырылушы әскерге аттанса, онда оның кредиті ата-анасы мен туыстарына беріледі. Сондықтан заңда қарыз ата-аналарға берілмеуі керек екенін назарда ұстауымыз қажет. Біз әскери қызмет кезінде кредит төлеу мерзімін бір жылға тоқтата тұруды ұсынамыз, – деп айтты қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында.
Тимошенконың айтуынша, несиенің болуы және оның уақытылы төленбеуі немесе оның туыстарына өтуі Отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің психоэмоционалды жағдайына теріс әсер етуі мүмкін деп ескертті.
Пікір қалдыру