Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды.
"Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, т.б. мәліметтер енгізілмек.
– Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын, – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пікір қалдыру